USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Арыста жарылыстан соң жарамсыз күйде қалған 480 үй салынып, ел игілігіне берілді

2020 жылғы 24 маусым 13:43
Бөлісіңіз:
Арыста жарылыстан соң жарамсыз күйде қалған 480 үй салынып, ел игілігіне берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыстағы жарылыстан кейін зақым келген 7635 үйдің көбі жөнделіп, кейбірі қайта салынып, халықтың игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Байзақтағы жарылыстан қираған мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді – Жамбыл облысы Алматыда Абай даңғылынан жоғары қарай салынатын үйлердің биіктігі 3 қабаттан аспауы керек Жамбылда мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрады

«Арыста жалпы 8626 үй бар. Жарылыс салдарынан 7635 үй зардап шеккен болатын. Оның ішінде 480 жарамсыз деп танылып, қайтадан салынып, пайдалануға берілді. Жөндеуді қажет ететін 7255 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді», - деді ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатына онлайн режимде қатысқан Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

Оның айтуынша, меценат Болат Өтемұратовтың қоры қала тұрғындарына қоспәтерлі 50 үйдің құрылысын салып, 100 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.

«Төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласы мен Ақдала, Дермене, Қожатоғай ауылдық округтеріне қарасты 8 елдімекенде тұратын 62 610 азаматқа 6 млрд 661 млн теңге өтемақы төленді. Арыс қаласы бойынша төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың саны — 467. Оның ішінде 404 нысанның иесіне «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры арқылы 3 млрд 69 млн теңге көлемінде кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру үшін өтемақы төленді. 63 кәсіпкерлік нысан иесіне қорда қаражаттың жетіспеуіне байланысты төлемді алдағы уақытта беруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Арыста жалпы 66 әлеуметтік нысан зардап шекті. Соның ішінде балабақша, мектеп пен спорт кешені бар. Жарылыстан кейін 4 нысан жаңадан салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асылбек Сатыбалдинов өңірден жарылу қаупі бар 330 мың оқ-дәрі әкетілгенін мәлім еткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT