Арыста жарақат алған 25 адам Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыста жарақат алған 25 адам Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бір азаматша ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы саны 25-азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға өз еркімен келген. Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 6 жастағы бала жеңіл көлікпен жеткізілген. Бала қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Шымкент қалалық қалалық жедел жәрдем станциясына қарасты 10 бригада Арыс қаласына көмекке жіберілді. Бұған қоса қалалық жедел жәрдем станциясының 20 фельдшері мен емханаға қарасты 2 жедел жәрдем бригадасы Бекжан базары маңында және орталықтағы мешітте Арыс қаласынан келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Барлық пациенттердің жағдайы мен қажетті ем алуы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатаң бақылауында. №1 қалалық клиникалық ауруханаға әлі де науқастар түсіп жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар