+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Арыста жаңа емхана мен аурухана салынады

2019 жылғы 5 шілде 15:25
Бөлісіңіз:
Арыста жаңа емхана мен аурухана салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникацилар қызметінде Арыс қаласындағы медициналық нысандардың жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Арыс қаласындағы медициналық нысандардың ахуалына тоқталды.

«Қалалық емхана мен аурухана да жарылыс кезінде бүлінген болатын. Ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарынан кейін емхана қайта қолданысқа берілді. Қазір жұмыс істеп тұр. Апат кезінде науқастарды Ордабасы аудандық ауруханасы мен Түркістандағы облыстық аурухана қабылдаған болатын. Қазір халыққа ем-дом жасау үшін қаланың 17 штабында жылжымалы медицина жасағы, 5 жылжымалы кешен жұмыс істеп тұр», - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, Үкімет басшысы Асқар Мамин Арысқа жасаған сапарында қаладағы екі медициналық нысанның жағдайымен арнайы барып танысқан.

«Емхананың да, аурухананың да тозығы жеткенін Асқар Ұзақбайұлы өз көзімен көріп, орнына жаңа ғимараттар салуды тапсырды. Қазірдің өзінде қажетті жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындап жатырмыз. Тек жаңа ғимарат салынып қана қоймайды. Қос нысан да барлық заманауи қондырғылармен жабдықталады», - деді министр.

Айта кетсек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласына іссапармен барып, тұрғындармен кездескен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT