+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Арыста үйі, дүкені және үш көлігі өртеніп кеткен тұрғын Үкімет басшысынан көмек сұрады

2019 жылғы 11 шілде 12:09
Бөлісіңіз:
Арыста үйі, дүкені және үш көлігі өртеніп кеткен тұрғын Үкімет басшысынан көмек сұрады

АРЫС. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесіп, жағдайларын білді. Қалалық халыққа қызмет көрсету орталығын аралау кезінде Үкімет басшысынан үйі толықтай өртеніп кеткен тұрғын көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ілесхан Мыңбаевтың айтуынша, жарылыс кезінде оның үйіне снаряд түсіп, жаңадан алған үш көлігі мен баспанасы, дүкені мен қора жайы толықтай жанып кеткен. Осылайша, күнделікті табысынан айырылған азаматтың үш қойы ғана тірі қалыпты. Қазіргі таңда бұл отбасы апаттан келген шығын көлемін 100 млн теңгеге бағалап отыр. Осыншама шығынға батып, отбасымен далада қалған арыстық тұрғын көліктерінің шығынын ешкім өтеп бермей жатқанын айтады. Көлік сақтандыру компаниялары мен жергілікті билік шығындардың өтелмейтінін айтыпты.

null

«Жарылыстан 2012, 2013 және 2014 жылы шығарылған үш көлігім жанып кетті. Сізден көмек сұрамасақ, басқа жақтан көмек болмай тұр. Себебі, сақтандыру компаниясы бас тартып жатыр. Олар тек жол көлік оқиғасы кезінде ғана төлейміз дейді. Соған көмек берсеңіз», - деді Ілесхан Мыңбаев.

null

Бұл мәселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қарастырып көретінін атап өтті. Ал, арыстық тұрғынның өртенген үйі мен дүкенін Шығыс Қазақстан облысы салып беретінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT