+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Арыста Ұлттық ұланның сарбаздары қой, қару ұрлаған үш адамды ұстады

2019 жылғы 25 маусым 20:21
Бөлісіңіз:
Арыста Ұлттық ұланның сарбаздары қой, қару ұрлаған үш адамды ұстады

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті дамылсыз күзетіп жүрген Ұлттық ұланның жауынгерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды автокөлігімен ұстап, травматикалық тапаншамен жүрген бір адамды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, түнгі патрульге шыққан капитан Елдос Берденов және қатардағы Алмат Құлғарашев ішкі істер органының қызметкерімен бірге қалалық әкімдіктің маңында жүрген біреуді байқайды. Жүрісі күдік тудырған адамды тексеру барысында оның травматикалық тапанша мен төрт оқты қойнына тығып алғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, «Арыс - Монтайтас» тас жолы бекетін бақылап тұрған аға лейтенант Думан Калкеев және кіші сержант Ғалым Байбатшаев өтіп бара жатқан автокөлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатады. Тексеру барысында автокөлік ішіндегі адамдар сөздерінен жаңылып, айтқандары бір-бірімен сәйкеспей жатты. Қипақтап сөйлегендері мен іс-әрекеттері күдік тудырған азаматтардың машинасын тексерген кезде ішінен азық-түлік, құрылыс материалдары, спирттік ішімдіктер, темекі, тірі қой, машинаның дөңгелегі сияқты заттар шыққан. Аталған заттардың дүкеннен немесе тұрғын үйден ұрлануы мүмкін екендігі айқын. Күдікті адамдарды ұландық сарбаздар бірден ұстап, әрі қарай тексеру мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне табыс етті.

Айта кету керек, Арыс қаласында Ұлттық ұланның 500-ден астам жауынгері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жатыр.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT