+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Арыста ҰБТ аяқталды

2019 жылғы 25 маусым 10:44
Бөлісіңіз:
Арыста ҰБТ аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше, 24 маусым күні Арыс қаласының апелляциялық комиссиясы Ұлттық бірыңғай тест тапсырған талапкерлердің өтініштерін қарауы тиіс болатын. Алайда, қалада орын алған төтенше жағдай салдарынан оның жұмысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, өкінішке орай, қазіргі уақытта халқымыздың назары осы қалаға ауып отыр. Онда қайғылы оқиғалар орын алды. Арыс қаласында ҰБТ-ның 1 пункті бар. Ол №1 мектепте орналасқан. Арыс бойынша бізде 2 лек өтті. Біріншісі - 21 маусым, екіншісі 23 маусым күні болды. Жалпы ол жерде 779 бала өтінішін қалдырған еді. Оның 772-сі екі лекпен тапсырды», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, кеше, 24 маусым күні сағат 9.00-де Арыс қаласының №1 мектебінде апелляциялық комиссия өз жұмысын бастаған. Алайда әскери бөлімшедегі жарылыстардың салдарынан жұмысын тоқтатқан.

«Ешкім зардап шеккен жоқ. Осы қалада министрлік өкілдігінің 12 мүшесі жұмыс істеді. Қазіргі уақытта олардың 12-сі де Шымкент қаласында. 10-ы Нұр-Сұлтан қаласына шығайын деп жатыр. Олар өз жұмыстарын аяқтайды. Комиссия төрағасы сол жерде қалады. Жалпы жағдай тұрақталған соң бұл апелляцияны өткізетін боламыз. Себебі апелляцияны өткізіп үлгермедік. Мүмкін ол жерде де талапкерлерден өтініштер болып қалар. 30 маусымға дейін уақытымыз бар. Егер 30-на дейін үлгермесек оның уақытын созамыз, өткіземіз», - деді департамент басшысы.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетіндігіне уәде берді.

Жалпы кешегі аласапыран кезде мыңдаған ата-ана баларынан көз жазып қалған болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы да балаларымен қауышты, барлығы дін-аман.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT