+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Арыста «Түркістанның рухани керуені» іс-шарасы өтті

2019 жылғы 27 қараша 21:44
Бөлісіңіз:
Арыста «Түркістанның рухани керуені» іс-шарасы өтті

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Түркістанның рухани керуені» атты жиын өтті. Жиынға қаланың зиялы қауым өкілдері мен ауылдың төбе билері, әжелер алқасы мен мешіт имамдары, этно-мәдени орталық өкілдері мен мекемелер, бөлім қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, діннің асыл құндылықтары мен ұлттық, мәдени салт-дәстүріміз дәріптелді. Тағылымы мол жиынды Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Айбол Сабырханұлы ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы Оспанов Арман Әшімханұлы және Түлкібас ауданының Бас имамы Серік Мағаз Арыс қаласының тұрғындарымен кездесіп, тәрбиелік мәні зор әңгімелермен қатар тарихтар сыр шертетін, патриоттық сезімдерді күшейтетін ерлік, елдік, бірлік туралы айтылды. Теміржолшылар қаласына сапары аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы А.Оспанов Арыстық бокс мектебінің шәкірттерімен кездесіп, жеңіске жету жолдарымен қатар, көп тер төгіп еңбек ету керектігін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT