Арыста өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті

АРЫС.ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков, Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді. Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. Концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.
- Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды
- Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- «Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды
-
Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
-
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам