Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жүргізілуде -әкімдік

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласының әкімдігі соңғы кезде қалада болған оқиғаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№44859 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жоятын жоспарлы жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Бұл жұмыстар Арыс қаласының халқы үшін қауіп төндірмейді» делінген әкімдік парақшасында.

Еске салайық, 21 қыркүйек күні Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылған болатын.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне ресми хабарлаған еді. Министрліктің мәліметінше, жарылыс арнайы жасақталған полигон аумағында жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары кезінде орын алған еді. Соның салдарынан 10 сапер - келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алған болатын. Олардың барлығы министрліктің госпиталіне жатқызылды.

Бүгін Қорғаныс министрі Ерлан Ермекбаев зардап шеккен әсерилердің үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын. Ал, біреуінің жағдайы - орташа деңгейдегі ауыр және тағы біреуінің жағдайы – қанағаттанарлық екенін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар