+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Арыста медицина қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті

2019 жылғы 8 қазан 20:40
Бөлісіңіз:
Арыста медицина қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласында көпбалалы және тұрмысы төмен медицина қызметкерлеріне арналған «Қысқа дайындық» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жанашыр жандар жалғызбасты анаға баспана алып берді Атырауда қайырымдылық марафоны онлайн форматта өтеді Жамбылда асарлатып салынып жатқан 114 үйдің алғашқысы пайдалануға берілді

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған шарада медбикелер мен тазалық қызметкерлеріне азық-түлік себеті мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Акция барысында Арыс қалалық орталық ауруханасында жұмыс істейтін 20 қызметкерге көмек көрсетілді. Бұл қызметкерлердің қатарында көпбалалы аналар мен пәтер жалдап тұратын, жалғыз өзі балаларын асырап отырған және жарылыс кезінде үйлеріне зақым келген қызметкерлер бар. Медицина қызметкерлерінің «DENSAULYQ» кәсіподақ ұйымы басшылығы алдағы уақытта да жарылыс болған қаладағы медицина қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетеміз деп отыр.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT