Арыста көз жұмған үшінші адамның артында әйелі мен баласы қалды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылыстан қаза тапқан үшінші адам 32 жастағы әскери қызметкер болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, көз жұмған жігіт Әбдікүл Нұрланұлы Ахметов Арыс қаласының тұрғыны. 1987 жылы туған. Үйленген баласы бар.

«Ол сол жердегі әскери бөлімде жұмыс істеген. Жарылыс болған кезде ол ауыр жарақаттанып, авиациялық медициналық құтқару қызметімен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ес-түзсіз жатқан науқасқа жансақтау бөлімінде барлық қажетті сауықтыру шаралары жасалды. Өкінішке орай, ол көз жұмды» ,- деді баспасөз хатшысы Мира Сүйлейменова.

Сондай-ақ, басқармасының мәліметінше қазіргі таңда 74 адам ауруханаларда ем қабылдауда. Олардың 4-еуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Араларында кішкентай балалар да бар.

Еске салсақ, бұған дейін Арыстағы жарылыс салдарынан үшінші адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар