Арыста коронавирусты бір отбасының 5 мүшесі жұқтырған

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында бір отбасының бес мүшесі коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдіктің мәлімтінше, барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Вирус жұқтырғандар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

«Арыс қаласында тұратын 1965 жылы туған азаматша мен 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж., 2010 ж. туған бір отбасының мүшелері қауіпті індет жұқтырған. Коронавирус жұқтырған тағы бір науқас Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылының 1987 ж.тұрғыны. Ол COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған» делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, өңірде қауіпті індет жұқтырған адамдардың саны 43-ке жетті. Жетісай ауданында – 14, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан. Оның ішінде 1956 ж туған азамат 4-ші сәуір күні қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар