Арыста қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше үлес қосқан полицейлер марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысының бірнеше полиция қызметкері марапатталды.

Арыс қаласының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен және азаматтардың мүліктерін сақтауда өзіне берілген тапсырманы жоғары деңгейде ұйымдастыра білген тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел басына күн туған сәтте өзінің қызметтік міндеттерін адал, әрі асқан табандылықпен орындаған тәртіп сақшыларын Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков салтанатты түрде марапаттады. Антына адал болып, еңбегі еленген қызметкерлерге сый-сияпат жасады.


«Әрқашанда, осындай батыл да батыр болыңыздар. Сіздер халықтың қауіпсіздігін, қоғамның тыныштығын сақтауда аянбадыңыздар, міндеттеріңізді мінсіз атқардыңыздар. Ең бастысы мақтауға лайықты жұмыс жасадыңыздар. Мен өз атымнан алғыс білдіре отырып, жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,-деді Қайрат Дәлбеков.

Еңбегі еленген полицейлердің қатарынан департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев те табылып, оған II дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылды. Сондай-ақ, Президенттің марапатына Арыс АПБ бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Исабеков, осы ауданның полиция бөлімінің полиция капитаны Нұрмаханбет Еркебаев, полиция капитаны Марс Асанбаев, полиция капитаны, Нұрсұлтан Набиалиев, полиция майоры Төлеген Рысбеков, полиция аға лейтенанты Дәулет Төретайұлы, полиция аға сержанты Жақсылық Тәттібековтер лайықты деп танылды. Оларға «Ерлігі үшін» медалі табысталды.



Соңғы жаңалықтар