+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Арыста Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы аталып өтті

2019 жылғы 23 қараша 20:15
Бөлісіңіз:
Арыста Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы аталып өтті

АРЫС.ҚазАқпарат – Түркістан облысының Арыс қаласында қалалық мәслихаттың құрылғанына 25 жыл толуына орай «Жиырма бес жылдың жылнамасы» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ инвесторлары Арыста өнім егіп, мал шаруашылығын дамытпақ Өмірзақ Шөкеев облыс, аудан, қалалық мәслихат депутаттарын марапаттады Жергілікті органдар қызметінің форматын түбегейлі жаңғырту қажет – депутат

Басқосуға жергілікті мәслихаттардың депутаттары мен бұрынғы халық қалаулылары, мекеме және бөлім қызметкерлері қатысты. Форумда теміржолшылар қаласының өткені мен бүгінінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, жиналған қауым бейнероликтер тамашалады. Қала әкімі Мұрат Қадырбек айтулы күнмен жұртшылықты құттықтап, мәслихат депутаттары атқарған ауқымды жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. «Ел тәуелсіздігін алған тұста Қазақстанда демократиялық құндылықтар қалыптасып, салтанат құра бастады. Соның бір көрінісі жергілікті өкілетті орган - маслихаттардың құрылуы. Биыл халықтың сенімі мен құрметіне ие болған органның айтулы датасы – 25 жылдығы аталып өтілуде. Өкілетті орган 25 жылда әлеуметтік ортамен қоян-қолтық араласып, халықтың талап-тілек, ұсыныстарын тыңдап, атқарушы билік пен әлеуметтік ортаның арасындағы ақылдасу алаңына айналды», - деді қала әкімі. Жиында сондай-ақ, Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев баяндама жасады. Бірқатар депутаттар мен азаматтар құттықтауларын жеткізді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген депутаттар мен еңбегі сіңген азаматтар «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT