Арыста инфрақұрылымдық жүйелер ретке келтірілді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Арыс қаласында инфрақұрылымды реттеу барысында шаһардағы кәріз жүйелері толық жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәріз жүйелерінде қалдықты суларды айдайтын 6 нысанда (ГКНС, №1, №2, №5, №7 және «Көктем») ағымдағы жөндеу жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, негізгі және кәріз суын айдау стансаларында әрлеу жұмыстары аяқталып, қондырғылар (дизельді генераторлар, электротельферлер, ауа айдағыштар, газоанализаторлар, сырмалар) орнатылуда. Қосымша үлкен кәріз суын айдау қондырғылары орнатылды.

«Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде Арыс көшелеріне де зақым келгені белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру барысында 37 көшеде асфальт салу, тротуар салу жұмыстары аяқталды. Үш көшеде (КХ-128 а/ж, Ахынбеков, Қонаев) атқарылатын жұмыстардың ауқымды болуына байланысты жұмыстар жалғасуда. 16 көшеда тротуар салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру жүргізіліп жатыр. Тағы 6 көшеде жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Жалпы, көшелерді жөндеу, жарықтандыру, аяқжол салу жұмыстарының 80% жуығы орындалды», - деді облыс әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар