Арыста фермерлер одағының жиыны өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігінде қалалық фермерлер одағының жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға облыстық фермерлер одағының төрағасы Жүсіп Шәріпов пен Арыс қаласы әкімінің орынбасары Сапарбай Дәрібайұлы, дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен қызметкерлері, шаруа қожалық төрағалары мен фермерлер қатысты.

Жиында облыстық фермерлер одағының төрағасы Ж.Шәріпов баяндама жасап, фермерлерді алдағы атқарылар істерде бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Сондай–ақ, Арыс қаласы әкімінің орынбасары С.Дәрібайды «Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапаттады.

Қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай Арыс қалалық фермерлер одағының төрағасына Елемес Сариевті ұсынып, ол қалалық фермерлер одағының төрағасы болып сайланды.

Кездесуде жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға заң шеңберінде тұщымды жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар