+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

2019 жылғы 25 маусым 09:26
Бөлісіңіз:
Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы төтенше жағдайды пайдаланып, бір үй мен дүкенді тонаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр.

«Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам көз жұмды. Бірі Арыс қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісі, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. 34 адам ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 12 адамға медициналық көмек көрсетілді», - деді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT