Арыста «Altyn kúz - 2019» облыстық спартакиадасы өтті
Шараға Түркістан облысындағы аудан-қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда шағын футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.
Тартысты додада волейболдан І орынды - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды - Созақ ауданы, ІІІ орынды - Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орын - Арыс қаласы, ІІ орын - Созақ ауданы, ІІІ орын - Мақтарал ауданына бұйырды. Шағын футболдан І орынды - Жетісай ауданы, ІІ орынды - облыстық ветеринариялық лабораториясы, ІІІ орынды - Сайрам ауданы жеңіп алды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.