Арыста адасқан балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылды - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы жарылыс кезінде адасып қалған балалардың барлығы ата-аналарына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Балаларға қатысты айтарым, Арыс қаласында жарылыс кезінде барлық балабақшалардан сәбилер эвакуацияланған болатын. Туған-туыстарында, таныстарында болған немесе адасып қалған балалардың барлығы табылып, ата-аналарына тапсырылды. Арыз-шағым жоқ», - деді Ержан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.
Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.
- Қостанай облысында 400 шақырым автожол ақылы болады
- Шымкентте заңгерлік қызметтер орталығы ашылды
- Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкенттегі кеден бекеттерінің қызметкерлері марапатталды
- Өзге ұлт жастары Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды
-
Шымкенттік полицейлер болашақ заңгер жастармен кездесті
-
Шымкенттің сот қызметкерлері қылмыстық іс жүргізу тәртібін талқылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам