Арыста 66 әлеуметтік нысанда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 6704 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл ауқымды құрылысқа 184 компания, 7382 құрылысшы және 298 мамандандырылған техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Арыс қаласында өткен аппараттық жиында мәлім болды.

Мәжілісте баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, меншік иелерінің келіспеу себептері бойынша 75 жеке тұрғын үйде құрылыс жүргізу үшін келісімдер жасалып жатқанын жеткізді.

«Арыс қаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 53 білім беру мекемесі, 8-денсаулық сақтау, 4-спорт, 1-даңқ аллеясы. Барлық объектілер зақымданған, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен 62 нысан күрделі жөндеуге және 4 объект толық қалпына келтіруге жатады. 4 бала бақшада жұмыстар аяқталды. Қалған 62 нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді вице-министр Қ.Өскенбаев.

Айта кетейік Арыс қаласындағы шағын және орта бизнестің зақымданған барлық нысандары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы ірі бизнес қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бүгінгі күні 64 кәсіпкерлік субъектісіне 251,5 млн. теңге өтемақы төленген.

Соңғы жаңалықтар