Арыста 60 шақырым жол толығымен қайта жөнделеді

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 272,3 шақырымды құрайтын көшеге анализ жасалып, нәтижесінде 67 көшенің жолына зақым келгені анықталды. бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 сектордың 13-інде төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысына зақым келгені анықталды. Көшелердегі ақауларды жою және оларды заман талабына сәйкес келтіру үшін жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшеде келесідей жұмыстар атқарылатын болады: 46,7 шақырым тротуар төселеді; 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарық шамдары орнатылады; 7 шақырым велосипед жолы салынады; 41 текше метр суағар; жалпы аумағы 9 522 шаршы метр көшенің жиектері жөнделеді», - делінген әкімдік мәліметінде.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 67 көшенің 40 көшесінде бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде. Оған 60-қа жуық арнайы техника мен 110-нан астам жұмысшы тартылған.

«Арыс қаласының көшелерін қалпына келтіру бойынша ағымдағы жылдың 3 тамызы күнгі жағдай бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда: 4 көшеде асфальт салу жұмыстары аяқталды; 19 көшеде жолдың негізіне құмды-шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде; 15 көшеде аяқжол салу жұмыстары жүруде; 2 көшеде жарықтандыру бағаналарын орнататын ұңғымалар қазылып, бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар