Арыста 3 сауда орны карантин шектеуіне қарамастан кешкі уақытта жұмыс істеген

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Полиция Арыс қаласындағы 3 сауда орны карантин шектеуіне қарамастан кешкі уақытта ашық тұрғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Арыс қаласы әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп, карантин талабының сақталуын қадағалау үшін ойын-сауық орталықтары мен сауда орындарының халыққа қызмет етуін бақылады.

Соның нәтижесінде Арыс қаласындағы 3 сауда орны кешкі уақытта ашық тұрғаны анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. 1 сауда дүкеннің иесі карантин режимін сақтамаған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көшедегі жаяу жүргіншілерге карантин режимін сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және ара қашықты сақтауды естен шығармау керек.


Соңғы жаңалықтар