Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

2019 жылғы 15 шілде 17:55 263
Бөлісіңіз:
Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

АРЫС. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстың барлық мектебі жаңа оқу жылына дайын болады – министр Арыста 60 шақырым жол толығымен қайта жөнделеді Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178 жеке, 95-сі көпқабатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыстарынан – 5685, аудандардан 300-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Бұдан өзге Арыс қаласындағы 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына зақым келген. Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім нысандары, 8-і денсаулық сақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жөндеуден өткізілетін болады. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жаңа аурухана және екі емхана бой көтереді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT