Арысқа оралып жатқан тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ - экологтар

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арысқа оралып жатқан тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арыстағы атмосфералық ауаның таза, су және топырақтың ластанбағанын, радиацияның жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қазіргі таңда Арыс қаласы мен әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары аяқталған.Тұрғындар үйіне оралғанда бекітілген қызметкерлер фото-видеофиксация жасап, шығындарды есептеуге көмек береді. Жайғасу барысында облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер үздіксіз қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің барлық өңірінен 160 арнайы бригада келеді. Әрбір облысқа Арыс қаласындағы бөлінген секторлар бойынша жұмыстар беріледі.

Айта кетейік, тұрғындарды кіргізу үшін Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторларға облысымыздың аудан, қала әкімдіктерінен 640 жауапты (1 аудан - 40 адам) азамат бекітілді. Әрбір 10 үйге 1 қызметкерден жауапты. Тұрғындарды жайғастыру кезінде осы азаматтарға қаладағы көше, аулалардың белсенділері көмек беретін болады.

Апаттан зардап шеккен халыққа Қазақстанның өзге облыстарынан қажетті 150 тонна зат жиналған.

Соңғы жаңалықтар