Арысқа көмек: Түркістандық кәсіпкерлер азық-түлік жеткізіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы оқиғаға байланысты Түркістан облысының кәсіпкерлері мен «Атамекен» ӨКП өңірлік кеңесінің мүшелері зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмектер ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласында 300 адамға арналған орын дайындалды. Қазір келген адамдарды орналастырып, оларға мединциналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері күшімен эвакуациялау кезінде ата-анасынан ажырап қалған балаларды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруда. Палата жанынан шұғыл желі құрылды. Арыстық жерлестердің көп бөлігі Шымкент қаласында орналастырылғандықтан Палата жанынан құрылған жұмыс тобы көмек көрсетуге Шымкентке де шықты. Қолдан келгенше қаражатын бөліп жатқан азаматтар да бар»,- дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Дүнмұхамед Әбсаттаров.null

Мәселен, Өңірлік кеңестің мүшесі - «Комбинат Фараб» ЖШС директоры Әбдірасұл Құрбаналиев вокзалға азық-түлік өнімдерін жеткізіп берген. Ал, ал кәсіпкер Ирина Намазбаева адамдарға кешкі ас ұйымдастырды. «КТЗ» директоры Хайрулла Кожабаев 1 млн теңге көлемінде комек берген. Өзге де іскер азаматтар зардап шеккендерді уақытша тұрғын жайларға орналастырып жатыр.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП тарапынан Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға көмек беру шоты ашылып, Түркістан облысы ӨКП базасында Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына киім жинау бөлімі жұмыс істеуде. Азаматтар киім және азық-түлік өнімдерін Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42 «Атамекен» ӨКП мекенжайына әкеліп, тапсыруларына жағдай жасалған. Кез келген адам компьютер немесе смартфон арқылы сілтемеге https://atamekenim.kz/ru/requests/13537 өтіп («Көмек бергім келеді» батырмасы), қаражат аудара алады. Байланыс телефоны: +7 778 534 12 64 Ақмарал. Қаржылай көмекті банк реквизиті арқылы аударуға болады:

010000, г.Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Сығанақ, 25-үй

БСН 180540015308

ИИК KZ759470398991370112

БСК ALFAKZKA

«Альфа-Банк» АҚ

Соңғы жаңалықтар