Арыс және Байзақ ауданындағы жарылыс салдарын жою жұмысы қайта жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандар Арыс және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмысына кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері биылғы жылдың 28 наурызынан бастап Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстарына кіріседі.

Аталған шаралар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып, жойылады.

Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.

Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында орын алған оқиғалардың салдарын жою жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар