Арыс: Жамбылдық құрылысшылар 160-тан астам үйді қалпына келтірді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп, 160-тан астам жеке үйді пайдалануға беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ,қазіргі кезде Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы 148 үй бойынша жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Онда 4 мердігер мекеменің 500-ден астам құрылысшысы еңбек етуде. Барлығы 20-дан астам техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Арыс қаласындағы жарылыс зардаптарын жою және қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған.

Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, смета жасалды. Қираған 3 үйдің екеуі жаңадан қайта салынып, біреуі толық жаңғыртылатын болды. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар