Арыс тұрғындарына ел өңірлерінен гуманитарлық көмек жалғасуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Арыс қаласынан эвакуацияланған тұрғындарға арналған гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойына жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ шағынауданы, 592/3 мекенжайына Жамбыл облысынан 36 тонна азық-түлік тауарлары мен жеке гигиеналық заттар жеткізілді. Атап айтқанда, 18 мың тонна бірінші санаттағы жұмыртқа, 10 тонна ұн, 1300 дана нан, 10 тонна қант, 2000 литр сүт жəне тағы басқалары.

Түнде Қызылорда облысынан гуманитарлық жүк тиелген бірнеше жүк көлігі қабылданды.

Алдағы уақытта басқа да өңірлерден көмек жүктері келеді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Бұған дейін үш адам қаза тапты. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетінін айтты.

Эвакуациялау кезінде мыңнан астам ата-ана баларынан көз жазып қалды. Қазіргі уақытта олардың барлығы да балаларымен қауышты, барлығы дін-аман.

Факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаладағы төтенше жағдай жолаушылар пойыздарының кестесіне де әсер етті.

25 маусым, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша әскери бөлім аумағында жарылыстар тоқтады. Дегенмен, оқ-дәрілер сақталатын қоймалардың аумағында бықсыған оттың ошақтары байқалғандықтан, ҚР Ішкі істер министрлігі жарылыстардың қайталану қаупі сақталып отырғанын ескертті.

Осы уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік қызметшілері Арыс қаласын минадан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Снарядтардың дені тұрғын үй алқаптарына түскен.

Арыс тұрғындарына көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы бастау алды.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар