Арыс тұрғындарына барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектеседі - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, барлық мәселені жеке өз бақылауына алғанын айтты.
Мемлекет басшысының тұрғындармен кездесу сәті бейнеленген видео материалды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің тапсырмам бойынша барлық облыс, ең алдымен Үкімет көмектесетін болады. Балаларға қатысты айтар болсам, қазірдің өзінде екі облыс - Ақмола мен Павлодар облыстары балаларды бастарынан өткерген осынау қорқынышты сейілтіп, демалуы үшін жазғы маусымда өздерінде қабылдауды ұсынып отыр. Сәл-сәл шыдаңыздар, бәрі дұрыс болады. Бұл мәселелердің барлығын жеке өзімнің бақылауыма аламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Президент қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке барды
- Елордада Арыстағы жарылыста 1-топтағы мүгедекті құтқарған полицейлерге құрмет көрсетілді
-
Тоқаев экономика алдында тұрған жаңа сын-тегеуіріндер туралы айтты
-
Президент индустрияландырудың үшінші бесжылдығы міндеттерін атады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам