Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Арыс тұрғындары 4 бағытта эвакуациялануда

2019 жылғы 24 маусым 19:18 967
Бөлісіңіз:
Арыс тұрғындары 4 бағытта эвакуациялануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс тұрғындары 4 бағытта эвакуациялануда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау төрт бағытта жүргізіліп жатыр: Шымкент қаласы, Монтайтас елді мекені (30 шақырым), Қабылсай елді мекені (25 шақырым) және Шағыр елді мекені (35 шақырым). Шымкент қаласында 15 эвакуациялық бекет құрылып, оларға 170 адам жеткізіліп, орналастырылды.  Монтайтас елді мекенінде 904 адам тіркелген, эвакуацияланған халықты тіркеу (халық тіркеу үшін 3 жедел топ құрылып, жіберілді) жалғасып жатыр", - деді ол.

Оның дерегінше, халықты эвакуациялау жұмыстарына Түркістан облыстық, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар қызметі, полиция департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған. Эвакуацияланған халыққа ауыз су жеткізіліп жатыр. Арыс қаласы тұрғындарын құлақтандыру үшін 2 хабарландыру жүйесі іске қосылған.

Арыс тұрғындары 4 бағытта эвакуациялануда

Арыста полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғау және эвакуацияланған халықтың дүние-мүлкін қорғауға жұмылдырылған.  Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орын алған жерді оқшаулау жұмыстарын жүргізіп, халықты Арыс қаласынан шығару шараларына да қолғабыс тиігізіп жатыр. Мұнан бөлек, Арыстағы қоғамдық тәртіпті қорғауға Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери бөлімінің 500 жауынгері жіберілген. Төтенше оқиға орын алған жерге ІІМ мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 1000 маманы мен 160 техникасы шоғырландырылған. Тараз қаласының ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Еврокоптер ЕC-145  тікұшағы да қажет кезде көмек көрсетуге дайын тұр.

"Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-қимылдарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК төрағасы, генерал майор В.Беккер, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының  бірінші орынбасары-штаб бастығы А.Қаскеленов, ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары полковник К.Нұрмағамбетов жүр", - деді Н.Нұрахметов.

Арыс тұрғындары 4 бағытта эвакуациялануда

Ресми өкіл дерегінше, республика бойынша арнайы құрылған қауырт желіге халықтан 878 қоңырау, оның ішінде  ТЖК штабы қауырт желісіне 28 қоңырау түсіп, олар дер уақытында Шымкент қаласындағы ТЖД штабына берілген.

"Арыс қаласында орын алған оқиға байланысты Түркістан облысында қауырт желі жұмыс істеп тұр: Шымкент қалалық ТЖ департаментінде  8(7252)44-94-72, 35-33-66, Түркістан облыстық ТЖ департаментінде: 8(7253)35-83-02, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде  8(7172)53-32-84, 53-32-79. Аталған нөмірлер арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарды тәулік бойы ала аласыздар", - деді ол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT