+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Арыс оқиғасына бір жыл: Өңірден жарылу қаупі бар 330 мың оқ-дәрі әкетілді

2020 жылғы 24 маусым 13:06
Бөлісіңіз:
Арыс оқиғасына бір жыл: Өңірден жарылу қаупі бар 330 мың оқ-дәрі әкетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатыбалдинов Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюдың жылдық жұмысының қорытындысын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Арыс қаласындағы әскери қоймада болған оқ-дәрілердің жарылысынан бері бір жыл өтті. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда. Сонымен қатар инфрақұрылым 90 пайызға қалпына келтірілді. Әскери қызметшілердің шебер және жедел түрдегі әріптестігінің арқасында одан да ауқымды оқиғалардың алдын алдық», - дейді Асылбек Сатыбалдинов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жыл бойы өңірде төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмсалған қосынды отряд жұмыс істеп келеді. Ай сайын саперлар мен басқа да әскери мамандар ротацияға сәйкес жұмыс жүргізуде.

«Іздеу топтары, инженерлік барлау мен минасыздандыру топтары 300 шаршы шақырымды барлап, тексеріп шықты. Оның ішінде егін аумақтары да, жақын маңдағы елдімекендер де бар. Мобильді және іздеуші саперлік топтар жергілікті халықтан түскен 740-қа жуық өтінім бойынша жұмысты аяқтады. Осының арқасында оқ-дәрілердің 4,5 мың фрагментті залалсыздандырылды. Водолаздар Арыс өзенінің 30 шақырымдық арнасын тазартты. Жарылыс болған аумақ ауданы 500 гектар жерді құрайды. 130 гектар аумақта беткі тазарту жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

Сондай-ақ әуеден бақылау жүргізіп, елдімекендерде орналасқан қоймаларды монитрингтеу үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен квадрокоптерлер қолданылған. Саперлар оқ-дәрілердің 2,5 мың тонналық фрагментін жинап алған.

«Жарылатын қаупі жоқ фрагменттер қауіптің алдын алу үшін ашық алаңға жиналады. Арыстан оқ-дәрілердің 380 мың фрагменті әкетілді. Оның 330 мыңы жарылыс қаупі барлары. Оларды тасымалдау үшін әскери қарауылдың бірге жүруімен 5 мың автокөлік рейсі орындалды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT