Арыс оқиғасы: Алматы облысынан гуманитарлық 10 жүк көлігі аттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысынан Арыс тұрғындарына 60 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтілді. 10 жүк көлігіне құрылыс заттары, азық-түлік пен киім-кешектер тиелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 тонна ұн, 7 тонна қант, 2 тонна күріш, 10 мың қаптама сусын, 25 қорап аяқ киім, 5 мың данадан астам бірреттік жаялық және тағы басқа қажетті заттар жөнелтілді»,- делінген Алматы облыстық «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Барлығы 60 млн теңгеге гуманитарлық көмек аттандырылған.

Сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері 1 күндік жалақыларын Арыстағы ағайынға аударады. Ол қаржы шамамен 24 млн теңгені құрайды.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, арыстықтарға жөнелтіліп отырған гуманитарлық көмекке Алматы облысының барша тұрғындары үлес қосқан. Халық қаржылай, заттай қолдау білдіріп, Арыстағы ағайынмен бірге екендіктерін жұмыла көрсетті.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігі Арыстың 150 баласын жазғы лагерьге қабылдауға дайын.

null null

Соңғы жаңалықтар