Арыс көшелерінен 5700-ден астам әскери снаряд табылды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласының аумағында төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде 5700-ден астам әскери снаряд табылды. Түркістан облысының әкімдігі 27 маусымдағы жағдай бойынша ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына ҚР ІІМ-нің жеке құрамынан 1488 адам және 189 техника жұмылдырылды.

Ал Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелерінен 43 топ тартылған. 408 адам енген топ Арыс қаласының аумағын, атап айтқанда, теміржол станциясы мен жолдарды, әскери бөлім территориясын жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 5700-ден астам снаряд табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалды.
null

Осы уақытта эвакуациялық пункттерде 13187 адам бар. Оның ішінде Шымкент қаласында - 7249, Түркістан облысының аудан, қалаларында 5938 адам қоныстанды.

Жедел штабтарда қауырт желілер ұйымдастырылып, тұрғындардан жалпы 15 мың 927 қоңырау келіп түсті.

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 277 адам медициналық көмекке жүгініп, 74-і ауруханаға жатқызылды. 3 адам қаза тапты.

«Сондай-ақ, инженерлік техникамен Арыс қаласының 16 учаскесіндегі барлық көшелер мен 11 шақырым теміржол төсемдері тазартылды. Қорғаныс министрлігімен бірлесе жеке және көпқабатты үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті билік қазіргі жағдайды тұрақты деп бағалауда», - делінген мәліметте.

null

Соңғы жаңалықтар