+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Арыс қаласындағы теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды

2019 жылғы 11 қыркүйек 12:51
Бөлісіңіз:
Арыс қаласындағы теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласындағы теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин аталған қалаға іс-сапары барысында вокзалды аралап көріп, абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

1904 жылы салынған Арыс теміржол вокзалы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Маусым айында жарылыс болған кезде нысанға едәуір зақым келген болатын. Апат болған аймақта 68 әлеуметтік нысанды жөндеуді өз мойнына алған «Самұрық Қазына» ҰӘҚ темір жол екі айдан аса уақыт аралығында толығымен жөндеп біткен.

«Теміржол вокзалындағы жөндеу жұмыстар төлқұжатына сәйкестендіріліп жүргізілді. Тек ғимарат қана емес, вокзалдың инженерлік-коммуникациялық желілері де толығымен жаңартылды. Айналасы абаттандырылып, жалпы бұл жұмыстарға 400 млн теңгенің көлемінде жұмсалған», - деді «Самұрық Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбаев.

Вокзалдың жөндеу жұмыстарын аралап көрген Асқар Мамин атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT