Арыс қаласында вагон шығаратын зауыт іске қосылады

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Арыс қаласының бюджеті 1 млрд 186 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121 пайызға немесе 203 млн теңгеге артық. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінің көшпелі брифингінде қала әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.

Оның сөзінше, өнеркәсіп саласында өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 25 млрд 367 млн теңгені құраған.

«Арыс қаласында құны 250 млн теңгені құрайтын бір жоба іске қосылып, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда жылына 18 млн литр минералды және басқа да алкогольсіз сусындар шығаруға қауқарлы «Арыс минералды су» ЖШС құрылды. Одан бөлек, құны 245 млн теңгелік 4 жоба іске қосылып, нәтижесінде 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын өндіретін өндіріс орындарын қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12 мың дана толық циклды вагондар шығаратын зауытты іске қосады», - деді қала басшысы.null 

Қалада 12 млрд 521 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады. Биыл 22900 гектарға егіс егу жоспарланса, 27676 гектарға дән себіліп, жоспар 120,9 пайызға орындалған. Сондай-ақ, биыл 6 гектар жерге жылыжай салу керек болса, 6,1 гектар жерге жылыжай салынып жоспар артығымен орындалған.

Жыл басынан бері Арыс қаласына тартылған инвестиция көлемі 6 млрд 108 млн теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 107 млн теңгеге артық.

Соңғы жаңалықтар