Арыс қаласында Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш-бюст орнатылды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысының Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш-бюст орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ өскелең ұрпаққа сазгерді насихаттау мақсатында бюст жанынан «Шәмші бұрышы» орналастырылды.

Салтанатты іс-шараға қала тұрғындарымен қатар, Алматыдан келген бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арыстықтардың ерекше ықыласына бөленген ұлы композитор туралы ақжарма тілегін жеткізді.

Шара соңы қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетерлігі, ескерткіш-бюст авторы – Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өнер туындысын қаланың 65 жылдық мерейтойына орай сыйға тартты.

Еске салсақ, бүгін Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевқа орнатылған ескерткіш-бюст салтанатты түрде ашылған болатын.



Соңғы жаңалықтар