Арыс қаласында пойыз контейнеріне тиелген сары фосфор жанып жатыр

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласының теміржол вокзалында металл контейнерге тиелген сары фосфор жанып жатыр. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 тамыз күні сағат 16:25-те Арыс қаласы, «Арыс» теміржол вокзалы, жүк пойызының (деректер қарастырылуда) №54755392 металл контейнерінде өрт шықты (сары фосфор). «ҚТЖ» АҚ күштерімен вагон пойыздан ажыратылды және шламға арналған 30-шы жолға қойылды (жою тұйығы). Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ», - делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, өртті сөндіру бойынша штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды: ТЖД-ның 26 қызметкері мен 5 техникасы, «ҚТЖ» АҚ-ның 12 қызметкері, 1 техникасы мен өрт сөндіру пойызы, Желілік полиция бөлімінің 20 қызметкері мен 1 техникасы, ҚР Қорғаныс министрлігі 44859 әскери бөлімінің 8 әскери қызметшісі мен 2 техникасы, Арыс аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер және 1 техника.


Соңғы жаңалықтар