+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Арыс қаласында  мұқтаждарға тегін азық-түлік тарататын әлеуметтік дүкен ашылды

2021 жылғы 19 шілде 23:13
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында  мұқтаждарға тегін азық-түлік тарататын әлеуметтік дүкен ашылды

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға арналған дүкенде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрмыстық техника сынды көптеген заттар тегін таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау көрсеткіші жоғары Қазақстандағы ең мейірімді оқу орындары марапатталды Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

Қала тарихында алғаш рет ашылған «Әлеуметтік дүкен» сөз бен мейірімге мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеуге себепкер болмақ. Сауда орнының ашылу рәсіміне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

«Қаламызда алғаш рет іске қосылған бұл дүкен «Қолғабыс» қоғамдық қорының бастамасымен ашылып отыр. Мұнда киім-кешектен бастап, аяқ киім, ойыншық, балаларға арналған арба, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникамен қоса азық-түлік өнімдеріне дейін бар. Жаны жомарт жандар табыстаған тұрмысқа қажетті заттарды дүкен қызметкерлері мұқтаж отбасыларға тегін беретін болады», – дейді Гүлжан Құрманбекова.

«Қолғабыс» қоғамдық қорының жетекшісі Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, дүкен есігі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты аналар үшін әрдайым ашық болмақ. Айта кетейік, қала кәсіпкерлері мен қоғам белсенділері атсалысқан игі жоба аясында 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT