USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Арыс қаласында фосфор тиелген вагондар өртенді: Тұрғындар эвакуациялануда

2021 жылғы 6 тамыз 20:01
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында фосфор тиелген вагондар өртенді: Тұрғындар эвакуациялануда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласында фосфор тиелген контейнерлер жанып, түтіннің жолындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігітті іздеп жатыр Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

Төтенше оқиғаның мән-жайын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында түсіндіріп жазды.

«Бүгін, кешкі сағат алты жарым шамасында Арыс станциясында Жамбыл облысынан Ресейге фосфор тиеп жөнелтілген екі контейнер отқа оранды. Аудан мен облыстың барлық төтенше күштері жұмылдырылды. Мұндай өртті қалай сөндіру керектігін мамандар жақсы біледі. Алайда, сары фосфор өте ұзақ уақыт жанып жатып алады және түтіні қою болады. Желдің бағыты өзгерген жағдайда, тұйыққа жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарының денсаулығына зиян келмес үшін аудан әкімдігі халықты қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Көшірілген тұрғындардың бәрі қала мектептерінің бірінде түнейді. Олар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жағдай бақылауда. Мен өзім оқиға орнына шықтым», - деп жазды облыс әкімінің орынбасары.

Бұған дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Отқан оранған вагон пойыздан ажыратылып, теміржол торабынан шеткері шығарылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT