+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті

2019 жылғы 28 қазан 02:08
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті. Арыс теміржол вокзалы алдындағы жәрмеңке алаңшасында шаруалардың өндірген өнімдері арзан бағада саудаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапарбаев Көкшетауда өткен азық-түлік жәрмеңкесін аралап көрді Тараздағы жәрмеңкеде 54 тоннаға жуық өнім сатылды Биыл астанада 30 жәрмеңке өтіп, онда 7 мың тонна өнім ұсынылды - әкім

Жәрмеңкеге Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер және «Ордабасы құс» ЖШС фермасы өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20-30 пайыз төмен бағада ұсынды.


Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Қадырбек барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлерін марапаттады.


Жиын-терім науқанын табысты аяқтаған арыстық шаруалар табанды еңбек пен талапты кәсіптің арқасында жақсы өнім жинап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Егілген астық пен дәнді дақыл ысырап болмай, дер кезінде жиналып алынды.


Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT