Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бір айдан бері құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамы аяқталып отыр. Атап айтсақ, оның ішінде, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, отбасылар жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады», - делінген әкімдік ақпаратында.
Сондай-ақ мәлім болғандай, зардап шеккен 7516 жер үйдің 6611-і немесе 90 пайызы жөндеуден өтті. Қалған 905 үйдің жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталатыны жоспарланған.
«Көпқабатты 67 үйді қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітпек. Осыған орай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады», - деді өңір әкімдігінен.
Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге барлық өңірлер, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлесін қосып жатыр.
- Кентауда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті
- «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды
- 80 жылдыққа – 80 нысан: Жамбыл облысында жаңа нысандар ашылуда
- Ақмола облысында 36 бизнес жоба жүзеге асырылмақ
-
Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда
-
«Бақытты отбасы»: Жамбылда 258 отбасы баспаналы болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам