Арыс қаласында 551 үй қалпына келтірілді - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрылысшылар тәулігіне тағы да 81 тұрғын үй тапсырды. Бұл мәліметтерді бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметі тартақан мәліметтерге қарағанда, 2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысының Арыс қаласында 551 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауқымды жұмысқа 184 құрылыс компаниясы тартылған.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәліметтері бойынша, 4 мыңнан астам құрылысшы мен 186 бірлік арнайы техника қазіргі таңда тағы 2725 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысанын қалпына келтіруде. Күн сайын қалпына келетін үйлердің саны 70-90-ға көбейді. 9 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс бригадалары 2640 тұрғын үйді, ал бір күн бұрын 2566 тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қамтыды.



Естеріңізге сала кетейік, Арыс 17 секторға бөлініп, әр өңір мен республикалық маңызы бар қалаға бекітілген. 2019 жылғы 6 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімдіктердің өкілдерімен кеңес өткізіп, жауапты тұлғалардан қаланы қалпына келтіру қарқынын жеделдетуді сұрады.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар