+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Арыс қаласында 26 елді мекен табиғи газбен қамтылады

2018 жылғы 26 қыркүйек 04:17
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында 26 елді мекен табиғи газбен қамтылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласына алғаш рет көгілдір отын тартыла бастады. Бүгінде шағын шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақдала және Қожатоғай ауылдық округтеріндегі елдімекендеріне табиғи газ құбырлары тартылуда. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 88,9 млн теңге қаржы қаралған.

«Бірінші кезең бойынша нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен биыл 884 млн теңге, 2019 жылға 500 млн теңге, 2020 жылға 1581,0 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарына республикалық қазынадан 719,8 млн теңге, 2019 жылға 219,7 млн теңге қаржы бөлінуде. Ал, кезеңде 567,0 млн. теңге игерілмек. Егер осы жұмыстар аяқталса, қаламыздың 50 мыңға жуық халқы көгілдір отынға қол жеткізеді. Жалпы 2018-2025 жылдары қалаға қарасты 26 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл қала халқының 99,5% құрайтын болады», - деді Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат.

Арыста сондай-ақ ауыз су мәселесі де оңтайлы шешіліп жатыр. Қазіргі таңда қаланың Талдықұдық және Отырар тұрғын ауданындағы магистралды су өткізгіш тораптарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құны 803,024 млн. теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстары -ткен жылы басталған. Жоспар бойынша торап жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Энергетика, Түрікменстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT