Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 шілдеге қарай құрылысшылар 1963 жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үй объектілерін тапсырды. Күн батқанға дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Үкіметнің баспасөз қызметі хабарлады.

Ай басынан бері Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7367 құрылысшы еңбек етуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпына келтіруде. Құрылыс бригадалары 155 үйді бұзып, қайта тұрғызып жатыр.

Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, мамандар әлі күнге дейін 51 үйге қол жеткізе алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85%-ы зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар