+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 13 қараша 16:53
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында «Баламекен» шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды Текелі қаласында 1000-ға жуық кенші тұрақты жұмысқа орналасты Жамбылда 1800-ге жуық көпбалалы отбасы пәтер кезегінде тұр

Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов пен Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов, пен «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті.


Қайырымдылық қордың есебінен бой көтеріп, қолданысқа берілген үйлер екі отбасына лайықталған. «Дуплекс» типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған. Жаңа үй иелерінің қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бірнеше үйді аралап шығып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.


«Апаттан кейін бүкіл қазақ елі Арыс халқының қайғы-мұңын бөлісіп, қол ұшын созды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, халықпен бірге екенін көрсетсе, ҚР Премьер-министрі екі апта сайын келіп, Арыстағы құрылыс жұмыстарын бақылауды назардан тыс қалдырмады. Атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырдыАрыста атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырды», – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Қайыртайұлы.

Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы жарылыстан бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.


«Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған «Баламекен» жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады», – деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Айта кетейік, бұл жоба Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте «Верный Капитал» компаниялар тобының табысты ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асып отыр.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT