Арыс қаласында 100-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтылмақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат  - Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында 1300-ден астам азамат үй кезегінде тұр. Қазір қалада 36 пәтерлі үш бірдей көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктем - 2» тұрғын ауданында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген. Қазіргі таңда 3 үйдің құрылысы толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдаудан өткен. Мұнан бөлек, қалада тағы 36 пәтерлі көп қабатты үш  үйдің құрылыс жұмыстары жүруде.

БАҚ өкілдері сондай-ақ  жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасымен де танысты.  Жобалық құны 60 млн  теңге тұратын нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып отыр. Журналистер сондай-ақ шаһардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты. 

Соңғы жаңалықтар