+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Арыс қаласында 1 875 үй қалпына келтірілді

2019 жылғы 22 шілде 12:08
Бөлісіңіз:
Арыс қаласында 1 875 үй қалпына келтірілді

АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы 1 875 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарымен танысты Арыстықтардың тағы бір бөлігі жөнделген үйлеріне кірді Ақтөбелік құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын ертең аяқтайды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 секторға бөлінген қалада қазір 7 324 жұмысшы істейді. Олар 4 804 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйді жөндейді.

Құрылысшылар аптап ыстыққа қарамастан еңбек етуде. Күндіз Арыста термометр бағанасы 45 градустан төмен түспей тұр.

«Жұмыс күні таңғы алтыдан басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін үзіліс жариялаймыз. Құрылысшыларға демалыс береміз, өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Сағат төрт жарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғасады. Басқалай болуы мүмкін емес», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысын қадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге елдің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалалар қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT