Арыс қаласынан 380 мың оқ-дәрі қалдығы шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Арыс қаласынан бір жыл ішінде шамамен 380 мың оқ-дәрі шығарылды. Оның 300 мыңға жуығы жарылу қаупі бар оқ-дәрігер. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарылу қаупі бар фрагменттерді тасымалдау үшін автомобильдермен 5 мыңнан астам рейс орындалды. Ал, бұл тек бір жүк көлігі ғана емес. Әскери ғылым ережесіне сәйкес, оқ-дәрілерді қорғау және оған ілесіп жүру жұмыстарын әскери қарулы қарауылдар мен әскери полиция күштері жүзеге асырады», - деді ол.

Генерал-майор төтенше жағдай орын алғанға дейін де оқ-дәрілерді бытыратып орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айтады.

«Бұл ретте, өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, борыштарын жоғары кәсіби деңгейде атқарған әскери қызметшілердің батырлығын атап өтпесем болмайды. Сондықтан да, ондаған әскери қызметші наградаларға ұсынылды», - деді Бақыт Құрманбаев.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 2019 жылы 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.



Соңғы жаңалықтар