+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Арыс қаласынан 150 бала Каспий жағалауында тегін демалады

2019 жылғы 4 шілде 11:41
Бөлісіңіз:
Арыс қаласынан 150 бала Каспий жағалауында тегін демалады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 16-30 шілде аралығында Арыс қаласынан 50 бала Ақтаудағы «Балдәурен» балалар лагерінде демалады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, «Алау» лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады. Екі лагерь де Ақтаудағы Каспий жағалауында орналасқан.

Балалардың уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтуды көздейтін «Алау» сауықтыру лагері 1987 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының және жұмысшылардың күшімен салынған. Осы 30 жылдың ішінде «Алауда» 30 мыңға жуық бала демалған. Мұнда балалар күніне 5 мезгіл тамақтанады. Олар Ақтау қаласының көрікті жерлерін, мұражай мен ботаникалық бақты аралап, кинотеатрларда, ойын-сауық аттракционында алаңсыз демалып, көңіл көтереді.

Одан бөлек, бекіре фермасы, түйеқұс шаруашылығының жұмысын тамашалап, түрлі сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT