Арыс қаласынан 10 отбасы елдің солтүстігіне қоныс аудармақ

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күнін өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ашық есік» күнінде қала тұрғындарына Павлодар өңірінен арнайы делегацияны бастап келген Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова және Галкина ауылдық округінің әкімі Д.Нурсеитов насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерге көшкен азаматтар мен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен бос орындар жайы сөз етілді. Насихат жұмыстарының нәтижесінде Арыс қаласынан 10 отбасы көшуге ниет білдіріп отырғандықтарын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар